Иран Президенті Масуд Пезешкиан Каспий маңы елдерінің ынтымақтастығын аймақтың экологиясын қорғау тұрғысынан маңызды деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Президенті Масуд Пезешкиан бұл туралы Түркіменстан Парламентінің жоғарғы палатасының спикері Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сұхбатта мәлімдеді.
Тараптар сұхбатта Иран мен Түркіменстанның экономика, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын баса айтып, үдерісті жандандыру үшін бірлескен үкіметаралық комиссияның отырыстарын тұрақты түрде өткізуге келісті.
Бердімұхамедов Пезешкианды Иран Ислам Республикасы революциясы жеңісінің 46-шы жылдығымен құттықтап, Иран халқы мен үкіметіне табыс тілеп, Президентті Түрікменстанда өтетін «Бейбітшілік және сенім» халықаралық конференциясына қатысуға шақырып, екі елдің аймақта бейбітшілік пен достықты дамытып, нығайту үшін ынтымақтастық жасауына мүдделік танытты.














