Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді.
Еуразия Тудейдің Ақордаға сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.
Мемлекет басшысы Шуша қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының «Көлік байланысы және климаттың өзгеруімен күресу арқылы тұрақты болашақ құру» тақырыбында өтетін бейресми саммитке қатысады.
Шуша саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.















