Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжің Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін тікелей келіссөздердің қайта жандануын құптайтынын қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Қытай Сыртқы істер министрлігі кеше дүйсенбі күні Ресей мен Украина өкілдері арасында демалыс күндері Түркияда өткен Ыстамбұл келіссөздері туралы мәлімдемесінде: «Қытай Ресей мен Украина арасындағы диалог пен тікелей келіссөздердің жандануын ең басынан қолдап, екі ел арасындағы тікелей келіссөздердің қайта жандануын құптайды»,- деді.
РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, министрлік оны халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі деп баса айтты.
Қытай Сыртқы істер министрлігі сонымен қатар Бейжің Украинадағы бейбітшілікті қамтамасыз ететін барлық күш-жігерді қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Мәскеу мен Киев арасындағы жұма күнгі келіссөздерден кейін украиналық жауапты тұлғалардың бірі Франс Пресс агенттігіне «Ыстамбұлдағы ресейлік делегация мүшелері Ресей-Украина саммитіне дейін талқыланған талаптардан асып түсетін қабылданбайтын талаптар, соның ішінде атысты тоқтату туралы келісімге келу үшін Украина күштерін олардың бақылауындағы Украина аумағының үлкен аумақтарынан шығару талап қойды» деді.
Ол бұл талаптар келіссөздерді бұзуға бағытталған деп есептейді.
Келіссөзге қатысушылар сондай-ақ ақпарат агенттігіне Ресей мен Украина атысты тоқтату және Зеленский мен Путиннің кездесуін өткізу мәселесін талқылағанын айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен жуырда кездесетінін бірнеше рет мәлімдеді.














