Қытайдың 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері Конгресі сәрсенбі күні елдің қорғаныс бюджетін биыл 7,2 пайызға арттыратынын жариялап, жұмысын бастады.
Қытайдың Бүкілқытайлық халық өкілдерінің Конгресіне ұсынылған бюджет есебінің жобасына сәйкес, осы елдің қорғаныс саласының бюджеті ағымдағы жылы 1,784665 триллион юаньға, яғни 249 миллиард долларға тең болады.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, жиынның ашылуына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин және басқа да ресми тұлғалар мен елдің басқарма партиясының жетекшілері қатысты.
Қытайдың мемлекеттік «Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, заң шығарушылар премьер-министр Ли Цян дайындаған үкімет жұмысының есебі мен Мемлекеттік кеңестің 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жүзеге асырылуы және 2025 жылға арналған жоспар жобасы мен 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасы туралы есебін қарастырды.
Жұмыс есебінде Бейжіңнің биыл шамамен бес пайыздық экономикалық өсу мақсатын көздеп отырғаны айтылған.
Интерфакс агенттігінің мәліметі бойынша сессияның баспасөз хатшысы Лу Цинцзянның айтуынша, «Қытайдың қорғаныс шығыны 2016 жылдан бері тоғыз жыл қатарынан бір таңбалы өсім көрсетті. Қорғаныс шығынының ішкі жалпы өнімдегі үлесі ұзақ жыл бойы 1,5 пайыз шегінде қалып, әлемдік орташа деңгейден төмен болды».














