Эмомали Рахмон мен Эммануэль Макрон Тәжікстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 9 маусымда Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Ниццада БҰҰ-ның үшінші Мұхит конференциясы аясында Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынас, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция мен технологияларды тарту, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамытып, кеңейтуге мүдделілік танытты.
Мәдени-гуманитарлық, ғылым, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігі де атап өтілді.
Екі елдің өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне, әсіресе терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл тұрғысынан ұқсас және жақын көзқарасы аталды.
Әңгіме соңында Эмомали Рахмон Франция Президенті Эммануэль Макронды Тәжікстанға ресми сапармен келуге шақырды.














