Ресейлік танымал философ Александр Дугин ислам революциясынан кейінгі оқиғалар үдерісін бағалауда Иранды ислам әлемі дұшпандарының қысымдарына қарамастан аймақтағы ең табысты ел деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Дугин бұл сөзді кеше Ресей астанасы Мәскеуде Иран ислам революциясы жеңісінің 46-шы жылдығы мен Иранның ұлттық күнін атап өту шарасында мәлімдеді.
Дугин сөзінің жалғасында: «Иран ислам революциясының жеңісінен кейін имам Хомейнидің идеяларына арқа сүйеп, өзінің дәстүрлі құндылықтарына орау арқылы жаңа салаларда таңқаларлық және ерекше жетістіктерге жетті.
Иран қырық жылдан астам уақыт бойы ислам әлемі дұшпандарының – Батыс елдерінің, сондай-ақ бұрынғы кеңестік дәуірдің санкциялары мен жан-жақты қарсылығына төтеп беріп, өзінің даму үдерісін жалғастыруда.
Иран осы тұрғыдан басқа елдер үшін құндылықтар мен руханият және иманды сақтау бойынша үлгі. Сол себепті Иран халқын құттықтаймын.
Иран — әртүрлі кезеңде өзінің дискурсын жалғастырып келе жатқан үлкен өркениеттік тіреуге ие ел. Осы тұрғыдан басқа елдер үшін өз болмысы мен иманын қорғау бойынша, үстемшілдердің алдында бас имеу, басқа мемлекеттермен диалог және өзара әрекеттесу арқылы әлемде әділетті қорғауымен үлгіге айналды.
Ислам революциясы жеңісінің 46-жылдығы мен Иран Ислам республикасының ұлттық күні мерекесі Мәскеуде кеше, ақпанның онында Ресейдің Энергетика министрі әрі Ресей-Иран үкіметаралық ортақ серіктестігі комияссиясының ресейлік төрағасы Сергей Цивилев және ИИР-ның Ресейдегі Елшісі Казим Джалилидің баяндамаларымен ашылды.
Салтанатты шараға басқа да ресейлік бірқатар ресми тұлға, соның ішінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Мемлекеттік Думадағы «Единая Россия» фракциясының жетекшісі, сондай-ақ, Ресейдің бас прокуроры, әртүрлі елдердің елшілері, дипломаттары, әскери атташелері қатысты.
Осы шара барасында ИИР-ның ғылым мен технология саласындағы жетістіктерінің көрмесі, сонымен қатар «Садра» басылымының кітап көрмесі мен Ислам революциясы туралы көрсетілген бейне баян да осы рәсімнің келесі бөлімдері болды.














