Барлау және бақылау мақсатындағы америкалық қанатты ұшқышсыз ұшу аппараты RQ-170 оқиғасы бұл жолы Ливанда қайталануы мүмкін.
Он төрт жыл бұрын осындай күні «Қандагар жануары» деп аталатын тыңшылыққа арналған озық дрон Lockheed Martin RQ 170 Кашмир маңында Сақшылар корпусының қолына түсті, ал президент Барак Обаманың оны қайтару туралы өтініші нәтижеге жетпеді.
Сақшылар корпусының басшылары дронды электронды соғыс әдісімен атып түсіргенін жариялағанымен, дронда техникалық ақау пайда болғаны және құлағаннан кейін оны бір қойшы тауып алып, 48 сағаттан кейін жандармерияның бақылау пунктіне тапсырғаны, содан кейін Сақшылар корпусына хабарлағанын мәлімдеді.
Соңында Иран он сегіз айдың ішінде оның барлық техникалық мәліметін анықтап, өзі қалаған үлгілерде, әсіресе «Шаһедтің» бірнеше буынында өте арзан бағамен және оның қателерін жойып, әлемге таныстырды. Оның көп үлгісінің арасынан кері инжинирингтегі «Шаһед 171» ұшқышсыз ұшағын атауға болады.
Қазір сол дронның оқиғасы GBU-39B басқарылатын бомба үшін қайталануда. Бұл — Израиль жуырда Бейруттің оңтүстігіне Хезболланың әскери жетекшілерінің бірінің көзін жою үшін жасаған шабуылында жарылмай, олардың қолына бүтін жеткен бомба.
Америка Үкіметі ресми өтініш жасап, оны экстрадициялауды сұрады. Тіпті, егер Ливан Үкіметі әрекет етпесе, әскери көмегін тоқтатып, Ливан үкіметінен қаражаты мен көмегін қайтаруды талап етумен қорқытқан да сыңайлы.
Сонымен қатар ОББ мен Моссад тыңшылары да бомба Американың бәсекелестерінің, әсіресе Иранның қолына түспеуі үшін оны табуды немесе жоюды көздеп отыр.
Шын мәнінде, егер осы бомба Иранның қолына түссе оның технологиясы және параметрлеріне байланысты, тіпті салмағы шамамен 120-100 килограмм болатын бомбаларды немесе зымырандарды таситын шағын дрондардың үстіне орналастыруға өте қолайлы бомба жасап шығарады.
Ақпарат ретінде айта кетейік, GBU 39B – салмағы 250 фунт (111 кг) болатын шағын диаметрлі дәлдікпен басқарылатын бомба. Оны F-35, F-15 және F-16 жойғыш ұшақтарымен көп мөлшерде тасымалдауға болады.
Тесіп өтетін оқтұмсығының болуы және жарылатындығы мен тұрақты нысандарды жойған кезде жарықшақтар қалыптастыруына байланысты бұл бомба оқ-дәрі қоймалары, жеңіл туннельдер, инфрақұрылымдар мен маңызды орталықтарда пайдаланылады.















