Самарқандта кеше, 3 қарашада басталған XVI Верона экономикалық форумы өз жұмысын аяқтады.
«Верона» Еуразиялық экономикалық форумына 27 елдің өкілдері қатысты.
ӨР Инвестиция министрлігінің мәліметі бойынша форум барысында 8 сессия өткізіліп, онда халықаралық сауданың, инвестициялық-технологиялық, көлік-логистикалық ынтымақтастықтың, шикізат пен энергия нарықтарының, қаржылық және банктік қызмет көрсету нарықтарының, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және басқа да өзекті мәселелердің даму перспективалары талқыланды.
Форум сарапшылар мен бизнесмендер пікір алмасуға және өндірістік кооперацияны дамытудың, көлік дәліздерін әртараптандырудың, капиталды және технологиялық инновацияларды тартудың, заңнамалық бастамалардың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік алған тиімді диалог алаңы болды.















