Сауд Арабиясының королі және тақ мұрагері Иран президентіне жеке-жеке хабарлама жолдап, Бандар Аббастағы жарылыстан кейін бірқатар азаматтың қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің VAS ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сауд Арабиясының патшасы Салман бен Абдулазиз әл Сауд Иран президенті Масуд Пезешкианға хабарлама жолдап, көңіл айтты.
Хабарламада: «Біз Шаһид Раджайи айлағындағы жарылыс туралы хабардан азаматтарыңыздың қайтыс болуы мен жарақат алуына соқтырған оқиғаға қайғырдық. Сізге және қаза болғандардың отбасылары мен Иран халқына көңіл айта отырып, Алла Тағаладан марқұмдарға рақым, тірі қалғандарға сабыр, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз» деп жазылды.
Аталған оқиғаға байланысты Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Сауд та осындай хабарлама жолдады.
Оның жолдауында: «Мен Шаһид Раджайи айлағындағы жарылыс болғаны мен соның салдарынан көптеген адамның қаза болып, жарақат алғанын естідім. Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен Иран халқына көңіл айтамын. Құдайдан марқұмдардың Алланың рахымына бөленіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін» деп жазылған.
Бұл хабар сенбі, сәуірдің 26 күні Бандар-Аббастың Шаһид-Раджайи айлағында болған үлкен жарылыстан кейін жіберілді.
Жарылыс салдарынан 25 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Оқиғаның себебі әлі зерттелуде.














