Жасанды интеллект бойынша дүниежүзілік конференция (WAIC) 6-8 шілде аралығында Шанхайда өтеді.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, іс-шараға жетекші ғылыми қызметкерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар, ғалымдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, инвесторлар, стартап командалары және тағы басқалар қатысады.
Биылғы іс-шараға 400-ден астам компания қатысады деп күтілуде.
WAIC алты жыл қатарынан Шанхайда өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол AI саласындағы ынтымақтастық пен алмасудың ықпалды платформасына айналды. Сондай-ақ Шанхай әлемнің түкпір-түкпірінен келген, интеллектуалды технологиялардағы озық үрдістерді талқылауға тырысатын ғалымдар, кәсіпкерлер мен экономистерге арналған алаңға айналды.
Соңғы жылдары Қытайда жасанды интеллект индустриясының қарқынды дамуы байқалуда, бұл айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік артықшылықтарға әкелді.













