Сауд Арабиясының Йемендегі қақтығыстардағы сәтсіздігінің жаңа қырлары анықталғаннан кейін, Әбу Мухаммад әл-Жулани Сауд Арабиясына 10 мың әскери жасақ жіберу туралы шешім қабылдады.
«Әл-Ахбар» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өзін-өзі жариялаған Сирия режимінің жоғары деңгейдегі әскери делегациясы Сауд Арабиясының астанасына барып, осы елдің басшыларымен келіссөз жүргізді.
Мәліметтерге сәйкес, келіссөздердің басты тақырыбы — Йемен соғысына қатысу үшін шамамен 10 мың сириялық жауынгерді ауыстыруға қатысты шара қарастыру. Олардың басым бөлігі шетелдік әсіре лаңкестер арасынан таңдалуы мүмкін.
Сонымен қатар, сириялық әскери кеңес беру тобы Эр-Риядтағы келіссөздермен қатар осы елдің оңтүстігіндегі «Наджран» және «Асир» аймақтарына да барды.
Сирияның жаңа басшылығы бір жағынан Сауд Арабиясының қолдауына ие болып, бен Салманның қаржы көмегіне үміт артса, екінші жағынан жаңа үкіметтің мәселесіне айналған кейбір көпұлтты лаңкестерден құтылуды мақсат етіп отыр.














