Иран Ислам Республикасының АҚШ-ның ұсынысына жауабы орынды әрі қисынды болмақ.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Маджид Тахт-Раванчи мәлімдеді.
Маджид Тахт-Раванчи Ислам Республикасының АҚШ-ның жазбаша ұсынысына жауап беру мерзімі туралы: “Біз жауап дайындап жатырмыз. Бұл мәселеде біраз жұмыстар атқарылды және берілетін жауап орынды болады деп ойлаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күн ішінде аяқталып, жауап Америка тарапына берілуі үшін Оман Сыртқы істер министріне тапсырылады.
Біздің жоспарымыз бір абзацтан тұрмайды. Онда біздің байыптылығымызды, сөздеріміздің маңызы бар екенін, белгілі бір қағидалар негізінде жұмыс істегіміз келетінін және жұмысымыздың дұрыс бағдары барын көрсететін тармақтар көрсетілетіні сөзсіз.
Кез келген ұсынылған жоспардың ішкі логикасы болуы керек. Оның әртүрлі бөліктері бір-біріне қайшы келмеуі үшін оның басы мен соңы болукешарт. Біз ұсынып отырған мәтін әлі аяқталмады. Бұл уақытты қажет етеді. Дегенмен алдағы жұмысқа негіз бола алатын қолайлы мәтін болады деп ойлаймыз. Егер екінші тараптың саяси ерік-жігері болса, жұмыс істеуге болатын көп нәрсе бар”, -деді.
Мұның алдында Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи АҚШ-ның ұсынысына жақын арада жауап берілетінін, бұл жауап Иранның принциптік ұстанымдары мен мүдделерін ескере отырып әзірленетінін және халықтың құқығының сақталуын қамтамасыз ететінін айтты.














