Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси 23 қазанда Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдауында аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Раиси Мирзоянмен Теһранның Әзірбайжан Республикасы мен Армения арасындағы дауларды шешуге дайын екенін мәлімдеді.
Иран Президенті көршілес және достас екі ел арасында өзара құрмет пен екі халықтың мың жылдық бауырластығына негізделген жоғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасқанын атап өтті.
Армения Республикасының Сыртқы істер министрі мен Иран Ислам Республикасының Президенті Армения Республикасы мен Иран Республикасының әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарын тереңдету, сондай-ақ осы саладағы келісімдерді жүзеге асыру үшін тиімді қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталды.
Арарат Мирзоян мен Эбрахим Раиси аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін де талқылады.















