Иран СІМ өкілі Германия канцлерін сионистік режимнің Иранға қарсы басқыншы соғысын қолдағаны үшін сынға алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи X парақшасындағы аккаунтында жазды.
Исмаил Бақайи неміс тілінде жариялаған жазбасында: “Германия канцлері Фридрих Мерц геноцид қылмыстарын жасаған агрессордың әрекетін қолдап, барған сайын тарихтың дұрыс жағынан алыстап барады. Мемлекет қайраткеріне мұндай қылмысты ақтау былай тұрсын, басқыншылық әрекеттер мен халықаралық құқықты өрескел бұзуды елемеуіне жол берілмейді.
Германияның Үкімет басшысының Израиль агрессиясын, соғыс пен геноцид қылмыстарын қолдауы, тарихи шындықтан алшақтап қана қоймай, Германия халқының ұжымдық ар-ожданын бұзады.
Иран бір кездері Саддам Хусейнді химиялық қарумен қамтамасыз етіп, бүгінде Иранға қарсы басқыншылықты қолдағандарды ұмытпайды. Тарих оңай ұмытылмайды және халықтың жадында ұзақ сақталады”, — деді.
Германия канцлері Фридрих Мерц 17 маусым күні Израильдің Иранда лас жұмысты бәрі үшін істеп жатқанын айтып, сионистік режимнің армиясы мен басшылығын Иранға жасаған әскери соққысы үшін құрметтейтінін мәлімдеді.
Еске салайық, сионистік режим 13 маусым күні Иранға қарсы себепсіз агрессивті соғыс бастады.
Израиль Иранның ядролық, әскери және тұрғын үй нысандарына әуеден соққы беріп, 600-ден астам адамның, соның ішінде жоғары лауазымды әскери басшылар, ядролық ғылыммен айналысқан ғалымдары мен қарапайым азаматтардың өмірін қиды.















