Иран Ислам Революциясының шәһид жетекшісі сейіт Әли Хаменеи сүйегінің Тегерандағы «Мұсалла» кешеніне әкелінуімен қоштасу рәсімдері басталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бүгін, жұма, 3 шілде күні таңертең Иран Ислам Революцияның шәһид жетекшісі аятолла сейіт Әли Хаменеидің сүйегі Тегерандағы Имам Хомейни атындағы «Мұсалла» кешені аумағына жеткізілді.
Бүгін шетелдік делегациялар революцияның шәһид жетекшісінің рухына құрмет көрсетеді деп жоспарлануда.
Шәһид жетекшімен қоштасу, жаназа намазын оқу, шығарып салу және жерлеу рәсімдері 4–9 шілде аралығында Иран мен Иракта өтеді.
Оның сүйегімен қоштасу рәсімі 4 және 5 шілде күндері, Тегерандағы шығарып салу рәсімі 6 шілдеде, Қом қаласындағы шығарып салу рәсімі 7 шілдеде, Ирактың Наджаф пен Кербала қалаларындағы шығарып салу рәсімі 8 шілдеде, ал соңғы қоштасу және жерлеу рәсімі 9 шілде күні Машһад қаласында өтеді.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, Ислам революциясының шәһид жетекшісінің денесімен қоштасу және шығарып салу рәсімі шамамен 100 ел өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Шәһид жетекшіні шығарып салу және қоштасу рәсіміне кемінде 8 мемлекет басшысы, 12 елдің парламент төрағасы және көптеген елден Сыртқы істер министрлері деңгейінде өкілдер қатысады.
Сондай-ақ, оның айтуынша, АҚШ-тың Иранға жасаған әскери агрессиясына қатысты лайықсыз ұстаным танытқан елдер шақырылмаған. Қонақтардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекет басшылары, парламент төрағалары, сыртқы істер министрлері, арнайы өкілдер және басқа да саяси тұлғалар деңгейіндегі делегациялармен қатар, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері, зиялы қауым өкілдері де қатысады деп күтілуде.
Еске салайық, Иранның діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әуе операциясы салдарынан шәһид болды.
Таңертең ерте Тегеран маңындағы «Көшбасшылар үйіндегі» оның жұмыс орнына жоғары дәлдікті авиациялық соққы берілді. Шамамен 60 секундқа созылған шабуыл салдарынан оның отбасы мүшелері: қызы, күйеу баласы, немересі және келіндерінің бірі де қаза тапты.














