Иран астанасы Тегеран қаласында төртінші халықаралық “Еуразия” сауда көрмесі өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, 2026 жылдың 1-4 ақпан аралығында өтетін аталмыш іс-шара Еуразиялық экономикалық одақпен жасалған еркін сауда келісімінің артықшылықтарын барынша пайдалануға және одаққа мүше мемлекеттердің делегациялары мен жеке сектор өкілдеріне бағытталған.
Иранның Сауданы дамыту ұйымы басшысының орынбасары Амир Роушан үйлестіру отырысында биылғы көрме аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың маңызын атап көрсету және жоғары қатысуды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылғанын айтты.
Көрменің бірінші бөлігінде валюта-қаржы мәселелері, екінші бөлімде “Солтүстік-Оңтүстік” халықаралық көлік дәлізіне қатысты мәселе, үшінші бөлімде экспортқа қатысты мәселелер, соның ішінде логистикалық мәселелер талқыланып, сауда ағындарын жақсарту жолдары қарастырылады.
Төртінші бөлімде салыстырмалы артықшылыққа ие тауарлар мен қызметтер, әсіресе энергетика, денсаулық сақтау және жоғары технологиялық салаларына бағытталған қызметтер таныстырылмақ.
Амир Роушанның айтуы бойынша, өңір елдерінің министрлері мен жоғары лауазымды экономикалық тұлғалары, сондай-ақ шамамен көрмеге қатысушы немесе келуші ретінде 160 компанияға шақыру жіберілген.
Иранның Сауданы дамыту ұйымы басшысының орынбасары Иран мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімнің нәтижелеріне де тоқталып, биылғы жылдың бірінші жартысында тауар айналымының өскенін атап айтты.
Амир Роушан Сыртқы істер министрлігі мен Сауда-өнеркәсіп палатасы іскерлік кездесулерді ұйымдастыруға және көрмеге қатысты рәсімдерді жеңілдетуге толық дайын екенін мәлімдеді.
Иран, Еуразия, Халықаралық көрме, Амир Роушан















