ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Физулиде Құрманғазы атындағы шығармашылық орталықтың салтанатты ашылуына қатысу үшін наурыз айында Әзірбайжанға мемлекеттік сапармен барады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурызда Әзірбайжанға мемлекеттік сапармен барады.
Бұл туралы Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Әлім Байел хабарлады.
Әлім Байелдің айтуы бойынша, Мемлекет басшысы Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының ашылуына қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық орталығының іргесі былтыр қаланды.
Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 3100 шаршы метр.
Шығармашылық орталығында вокал, музыкалық аспаптарда ойнау, робототехника, 3D модельдеу, веб-дизайн, фото және видео түсіру сияқты балаларды даярлау бағыттарына арналған курстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар орталықта кілем тоқуға, қолөнерге, түрлі спорт пен хореографияға баулитын сыныптар ашылады деп күтілуде.
Қазақстан мен Әзірбайжан тығыз қарым-қатынаста дамуда.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.
Әлім Байелдің Әзірбайжанның Экономика министрі Микаил Джаббаровпен 31 қаңтар күнгі кездесуінде 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы ұлғайып, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалының 2,76 миллион тоннадан асқаны айтылды.











