Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, қазанның 23 күні жұмыс сапарымен Қазан қаласына келді.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында сөз сөйлейді. Президенттің баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.














