АҚШ Конгресінің бұрынғы депутаты Марджори Тейлор Грин Дональд Трамптың Минабта орын алған қайғылы оқиға – балалардың қазасы үшін кешірім сұрауы керектігін баса айтты.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Республикалық партияның бұрынғы өкілі әрі кезінде Трампты белсенді қолдаған экс-депутат оның берген сайлауалды уәделерінен тайқып, халық сенімін ақтамағанын сынға алды.
Ол Вашингтонның Иран жұртшылығына қарсы жасаған әрекеттеріне тоқталып: «Трамп Ирандағы білім шаңырағына бомба түсіп, көз жұмған бүлдіршіндердің ата-аналарынан кешірім сұрауға міндетті», – деп мәлімдеді.
Еске салайық, оқиға 2026 жылғы 28 ақпанда болды. АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған алғашқы күні, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10:00 шамасында сабақ жүріп жатқан уақытта Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында орналасқан «Шажаре Тайебе» бастауыш мектебіне зымыранмен шабуыл жасалды.
Мектепке жасалған шабуылда 200-ге жуық адам, атап айтқанда 168 бүлдіршін көз жұмды. Сондай-ақ, қазақ тапқандардың арасында мектеп мұғалімдері мен ата-аналар да бар.
Халықаралық зерттеулер мен АҚШ-тың ішкі әскери деректеріне сүйенсек, бұл соққы «Томагавк» қанатты зымырандары арқылы жасалған.
Дональд Трамп пен АҚШ әкімшілігі бұл оқиғаны тікелей мойындаудан қашып, оны «соғыс кездейсоқтығы» немесе ескірген қате барлау дерегі деп жылы жауып қоюға тырысты.
Айта кетейік, бұл оқиға АҚШ-ның кейінгі онжылдықтарда бейбіт тұрғындар арасында ең көп адам өліміне әкеп соқтырған ең қайғылы соққыларының бірі саналады.














