Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен кешке үш күндік мемлекеттік сапармен Астанаға келді. Әуежайда оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бүгін келіссөз барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ, оны нығайту перспективасын талқылайды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Владимир Путиннің Қазақстанға бір жарым жыл ішінде мемлекеттік мәртебедегі сапармен екінші рет келуі қос ел арасындағы стратегиялық одақтастық пен тату көршіліктің жоғары деңгейін көрсетеді.
Бұған дейін Владимир Путиннің осындай жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапармен 2024 жылдың қараша айында келген болатын.
Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков халықаралық тәжірибеде, әдетте, бір президенттік мерзім аясында тек бір ғана мемлекеттік сапар өткізілетінін айтты.




















