Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Үкімет делегацияларының тең төрағалары Қамчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов екі ел шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша кездесті.
КР Министрлер кабинеті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша кездесу барысында басшылар Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын оң бағалады. Тараптар сонымен қатар қалған учаскелерде қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының жобалық желісінің өтуін сипаттауды аяқтау бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін қуаттады.
Екі елдің жергілікті баспасөз құралдарының мәліметі бойынша кездесуден кейін Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов БАҚ өкілдері үшін шағын баспасөз мәслихатын өткізді.
Тақырыпқа орай:
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік шекараға қатысты бірнеше маңызды шешім қабылданғанын, сонымен қатар тараптардың барлық шешімдерге қол жеткізуге өте жақын екенін айтты.
Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Саймумин Ятимов кездесудің нәтижелеріне тоқталғанда ең алдымен Ворух–Қожай Алё жолына қатысты түбегейлі шешімдерге қол жеткізілгенін, нысандар туралы екінші мәселеде де түбегейлі шешімге келгендерін, екі елдің одан әрі ынтымақтасуға дайын екенін баса айтты.
Ятимов сөзінің соңында келіссөздерінің осыған байланысты кез келген басқа дауды болдырмау үшін мемлекеттік шекараны демаркациялауға жеткізетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, екі елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшыларының кездесуі бұл жолы Тәжікстан Республикасының Соғды облысындағы Бустон қаласында өтті. Келесі отырыс Қырғыз Республикасының Баткен қаласында өтеді.










