Шавкат Мирзиеев пен Ильхам Әлиев Өзбекстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Жоғары мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге қол қойды.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша сонымен қатар, сапар барысында екі елдің мемлекеттері, үкіметтері мен ведомстволары деңгейінде 15 құжат қабылданды.
Олардың қатарында 2023-2024 жылдарға арналған жан-жақты стратегиялық әріптестікті тереңдету жөніндегі Жол картасы, Энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы келісім, сонымен қатар, Азаматтардың визасыз жүруі туралы келісімге толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев 22 тамызда мемлекеттік сапармен Бакуге келді.














