Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында бес елдің қатысуымен өтетін «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуына дайындықты талқылаған конференция өтті.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақтау қаласында «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуға дайындықты талқылаған конференция Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен өтті.
Конференцияға Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.
«Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуы биыл шілде айында Қазақстандағы «Оймаша» полигонында, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде өтеді.












Discussion about this post