Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Иран Қауіпсіздік кеңесінен шұғыл отырыс өткізуді сұрады

  • Әлем, Батыс Азия, ТОП жаңалықтар
  • 2 апреля, 2024 11:19

Loading

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иран елшісі мен өкілінің орынбасары Заһра Аршади Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жолдаған хатында сионистік режимнің Сириядағы Иран консулдығына жасаған шабуылын қарастыру үшін шұғыл отырыс өткізуді сұрады.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша сионистік режимнің Сириядағы Иран Ислам Республикасының консулдығына жасаған шабуылынан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иран елшісі әрі өкілінің орынбасары Заһра Аршади Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша төрағасына хат жолдады.

Аршади жазбаша жолдауында: «Бұл хат Израиль режимі халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын айқын бұзғаннан кейін жазылды. Израильдің басқыншы режимі Сирия Араб Республикасындағы Иран Ислам Республикасының дипломатиялық нысандарына қарсы лаңкестік әрекет жасады. 2024 жылғы 1 сәуір күні түстен кейін сағат 16:45-те Дамасктегі Иран Ислам Республикасының дипломатиялық нысандары басып алынған Голан жоталарынан Израильдің әуе және зымырандық шабуылдарына ұшырады.

Тақырыпқа орай:

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026

Бұл лаңкестік әрекет кем дегенде бес ирандық қызметкердің, соның ішінде жоғары дәрежелі әскери кеңесшінің қаза табуына және Иранның дипломатиялық нысандарының толығымен жойылуына соқтырды.

Бұл жан түршігерлік қылмыс пен айуандық лаңкестік әрекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын, халықаралық құқық пен дипломатиялық және консулдық мекемелердің иммунитетінің негізгі қағидатын (1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы конвенцияда, 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында, сондай-ақ 1973 жылғы Халықаралық қорғаудағы адамдарға, соның ішінде дипломаттарға қарсы қылмыстардың алдын алу және жазалау туралы конвенцияда анық айтылған) айқын бұзу болып табылады. Мұндай жан түршігерлік қылмыстар аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп жазды.

Иран Ислам Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілінің орынбасары Ұйымның Бас хатшысы және Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төрағасына жолдаған хатының жалғасында: «Аймақтағы шиеленісті күшейтетін және басқа елдермен қақтығыс тудыруы мүмкін осындай жан түршігерлік қылмыстардың кең ауқымды халықаралық салдарын ескере отырып, Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінен Израиль режимінің қылмыстық және лаңкестік әрекетін барынша қатаң айыптауды сұрайды.

Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінен кез келген тиісті шара қабылдауды, соның ішінде осы өрескел әрекетпен күресу және дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін алдағы агрессивті әрекеттердің алдын алу үшін шұғыл отырыс өткізуді, сондай-ақ, мұндай қылмыстық әрекеттерге жауаптылардың тез арада жауапқа тартылуын қадағалауды сұрайды. Басқыншы сионистік режим осындай лаңкестік қылмыстардың салдары үшін толығымен жауапты.

Иран Ислам Республикасы халықаралық заңдар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына негізделген мұндай лаңкестік әрекеттерге батыл жауап беру үшін өзін заңды және табиғи құқыққа ие санайды» деп жазды.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

20.11.2026

Басты жаңалықтар

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Мәскеу Израильдің Иран консулдығына жасаған шабуылын қатаң айыптады

Мәскеу Израильдің Иран консулдығына жасаған шабуылын қатаң айыптады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.