Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Конгресі Ресей басқыншылығына қарсы тұру үшін Украинаға жаңа әскери көмекті мақұлдамаса, Киев Мәскеумен соғыста жеңілетінін айтты.
Еуразия Тудейдің Le Monde басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, Украина президенті одақтастардан көмек сұрау үшін осыы ел ұйымдастырған «United 24» бейнеконференциясында: «Біз АҚШ конгрессмендеріне Конгресс Украинаға көмектеспесе, Украина соғыста жеңілетінін анық айтуымыз керек», — деді.
АҚШ-тың жаңа көмегінсіз Украинаның аман қалуы қиын болатынын айтқан Зеленский егер Украина бұл соғыста жеңілсе, басқа Еуропа елдері де Ресей шабуылдарының нысанасына айналатынын айтты.
Le Monde газетінің хабарлауынша, АҚШ Конгресіндегі республикашылдар бірнеше ай бойы Вашингтонның Украинаға ондаған миллиард долларды құрайтын жаңа әскери көмек пакетін мақұлдауға қарсылық көрсетіп, бөгет қойып келеді.












