Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова: «Америкалық пропаганда Мәскеудегі жұма күнгі лаңкестік әрекетті ДАИШ жасады деп өздерін тұзаққа түсірді. Олардың неліктен бұлай жасайтыны да түсінікті. Өйткені олардың басқа жолы жоқ» деді.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова америкалық қазіргі үкіметтің Украинаның лаңкестік әрекеттерін қаржылай қолдауына қатыстылығының көптеген тікелей және жанама дәлелдері бар екенін айтты.
Ресейлік жетекші дипломат: «Бұл қолдауларға Киев режиміне берілген миллиардтаған доллар мен үлкен көлемдегі қару-жарақ, Ресейге қарсы агрессивті сөздері мен дөрекі ұлтшылдығы, Украина бойынша бітімгершілік келіссөздерге тыйым салу және қақтығысты жалғастыру туралы қайта-қайта сұрау салуы, Киевтің лаңкестік әрекеттерін талқылаудан бас тартуы, Украина президенті Владимир Зеленский жасаған жан түршігерлік қылмыстарды саяси және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең қолдауы жатады» деді.
Оның пайымдауынша, Вашингтон Киевтегі қамқорындағыларды жасырып, жауып, кінәні өзінен және ДАИШ-ты пайдаланатын Зеленский режимінен басқа жаққа бұруға тырысқанымен бірақ дәл осы жерде олар өз тұзағына түсіп қалды
Захарова «Комсомольская правда» газетінде шыққан «Байден бейбітшілікті емес, ДАИШ-ті жақсы көреді» атты мақаласында былай деп жазды: «Бұрын Вашингтон Ауғанстандағы моджахедтерді Кеңес Одағына қарсы тұру әрекеттерінің бір бөлігі ретінде белсенді түрде қолдады. Оларды қаруландырып, топты бақылады. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон АҚШ-тың Кеңес Одағын жеңу үшін моджахедтерді жалдап, ваххабиттік сүнниттік исламды Ауғанстанға қалай әкелу туралы шешім қабылдағанын еске алды. Әл-Қаида сол Ауғанстан науқанынан шықты».
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мақаласының жалғасында олардың Ауғанстаннан кейін Иракқа барғанына назар аударып, былай деп жазды: «2003 жылы АҚШ жалған сылтаумен Иракқа шабуыл жасады. Армия, полиция және қауіпсіздік күштерінің негізі болған осы елдің Баас партиясының мүшелері бір уақытта жұмыссыз қалды. Таңдаулы және жас мамандар тобы болған олар кейін жаңа экстремистік ұйымның кадрын құрды.
2006 жылдың сәуір айында Washington Post газеті 2004 жылдан 2006 жылға дейін америкалық әскери пропаганда «Әл-Қаиданың» Ирактағы бірінші басшысы Әбу Мұсаб әл-Зарқауиді әдейі насихаттағанын көрсететін Пентагонның бірқатар құпия құжатын тапты.
2006 жылдың қазан айында моджахедтердің консультативтік отырысында Аль-Масри лаңкестері мен ДАИШ-тен басқа экстремистік топтардың басын қосқан жаңа топ құрылды.
Америкалықтар кез келген себеппен Ирактағы түрмеден босатқан Әбу Омар әл-Бағдадиді осы жаңа экстремистік топтың жаңа жетекшісі етіп тағайындады. Ол Башар Асадтың заңды үкіметіне қарсы соғысып жатқан сириялық исламшылармен тығыз байланыс орнатты. 2013 жылдың сәуір айында кеңейтілген лаңкестік ұйымға Ирак пен Шам Ислам мемлекеті (ДАИШ) деген жаңа атау берілді. 2014 жылы бұл топ Ирак пен Сирияда халифат құру ниетін жариялады.
Америкалықтар коалиция құру арқылы ДАИШ-пен күресуге шешім қабылдады. Сонымен, «Әл-Қаидадан» кейін америкалықтардың ДАИШ-ті құруға қатысы бар екені белгілі болды. Бұл топ кейін бүкіл әлемде жан түршігерлік лаңкестік қылмыстар жасады. Бүгінде сарапшылар мен отставкадағы америкалық қауіпсіздік күштері Американың ДАИШ-ты құрып, оның өмірін ұзартудағы басты және шешуші рөліне назар аудартады».
Ол Ресейдің Сирия дағдарысына қатысуына тоқталып: «2015 жылы Ресей Сирияның заңды үкіметінің өтінішіне жауап ретінде Сирия армиясына лаңкестермен күресуге көмектесу үшін өзінің әуе-десанттық күштерінің бір бөлігін жіберді. Ресей күштері ДАИШ-тің Ирак пен Сириядағы Алеппо мен Дамаскті қосөанда үлкен аумақтарды бақылауға алу жоспарларына қатысты. Халықаралық лаңкестер, соның ішінде 80-нен астам елдің он мыңдаған жасақшылары осы мақсаттарға жетуге тырысты.
Ресейдің араласуы Сирия армиясына бұл қауіпті тоқтатуға және елдің көп бөлігін лаңкестерден азат етуге мүмкіндік берді.
Ресей президенті Владимир Путин 2015 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеп, Гитлерге қарсы коалиция үлгісінде ДАИШ-ке қарсы біріккен майдан құруды ұсынды. Батыстың реакциясы ұсынысты қабылдамау болды. Америка ДАИШ-пен күресуге көмектесудің орнына, біздің талпынысымызға кедергі жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызық емес пе?
АҚШ бақылауындағы экстремизмнің көзі болған Ет-Танф босқындар лагері Сирияның оңтүстік-шығысында әлі бар. Бұл лагерь миссияға барар алдында дайындалатын лаңкестердің баспанасына айналды» деді.
Ресейлік дипломат мысал ретінде «Фатх аш-Шам майданы» немесе «Әл-Каиданың» Сириядағы бір тармағы болып табылатын бұрынғы «Ән-Нусрат» ұйымына тоқталып, бұл лаңкестік топ пен осыған ұқсас басқа да қарулы топтар соңында бірігіп, «Хаят Тахрир аш-Шамды құрған» деп жазды.
Захарова: «Атауы өзгергенімен, бірақ әлі бөліну жоқ. Дәлелдерге сүйене отырып, Вашингтон барлығын осылай жоспарлаған. Олар қақтығыстың жалғасуын және құрбандар санының көбеюін қалайды, сонымен бірге халықаралық лаңкестікті түпкілікті жоюға жол бермейді.
Бір қызығы, ДАИШ соңғы жылдары жоспарларын түзетіп, қазір Ауғанстандағы Талибанға, ирандықтарға, Сирия мен Ресейдің заңды билігі сияқты Американың дұшпандарына шабуыл жасауда. Бұл тек сырттай қарағанда жасырын нәрсе және оны әлемдік жаңалықтар репортаждарынан алуға болады» деді.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Американың Палестинаға қатысты ұстанымы туралы да былай деп жазды: «1992 жылы америкалықтар палестиналықтарға демократиялық сайлау үдерісін таңды. Олардың арасындағы қайшылықтар демократиялық сайлау арқылы Газа секторында Хамас деп аталатын саяси партия құрумен аяқталды. 2021 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті басшыларының құпиясы ашылған хаттар Байденнің Хамасқа АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі арқылы жіберілген 360 миллион доллар төлемін тоқтатқанын көрсетеді.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп төлемдерді тоқтатты, ал Байден оларды қалпына келтіруді бұйырды. Нәтижесі барлығына түсінікті. Израиль Американың ең жақын одақтасы болып болғандықтан Хамастың әрекетіне қатты ашуланады» деді.
Захарова «Мұнда логика бар ма?» деген сұрақ қойып, өзі: «Иә, ақша мен билік», — деп жауап берді. Тікелей араласуға халықаралық-құқықтық тұрғыдан тыйым салынған мұндай жағдайда лаңкестердің көмегімен «бақыланатын хаос» құруға және әлемдік тәртіпті қалпына келтіруге деген ішкі мотивация бар.
Соңында былай деп жазды: «Ақ үйге қоятын сұрағым мынау — ДАИШ шынында не өзі? Ойыңызды өзгерткілеріңіз келмей ме?».













