Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов бастаған делегация ресми сапармен Вьетнамға аттанды.
Бұл туралы «Dunyo» агенттігі хабарлады. Өзбекстан СІМ мәліметінше, бұл — Өзбекстан мен Вьетнам арасында 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан кейінгі Өзбекстан Сыртқы істер министрінің алғашқы сапары.
Өзбекстан СІМ баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов Telegram арнасында Бахтиер Саидов бастаған делегацияның Вьетнам астанасы Ханойға ресми сапары басталғанын жазды.
Ахрор Бурхановтың айтуы бойынша, Бахтиер Саидов сапар барысында бірқатар келіссөздер мен кездесулер жүргізеді. Сондай-ақ, Өзбекстан-Вьетнам бизнес форумы өтеді.
Вьетнам Сыртқы істер министрлігі де Бахтиер Саидовтың сапары барысында елдің жоғары лауазымды шенеуніктерімен, соның ішінде Сыртқы істер министрі Буй Тхань Сонмен келіссөздер жүргізіліп, министрлік және ведомство басшыларымен екіжақты серіктестік мәселелері талқыланатын мәлімдеді.
Бахтиер Саидовтың сапары Вьетнам Сыртқы істер министрі Буй Тхань Сонның шақыруымен жүзеге асуда.
Өзбекстан Сыртқы істер министрінің Вьетнам еліне сапары ертең, 19 наурызда аяқталады.
Вьетнам Өзбекстан азаматтары арасында танымал демалыс орындарының бірі саналады.












