БҰҰ Бас Ассамблеясы 25 мамырды Дүниежүзілік футбол күні деп танылған қарар қабылдады.
Еуразия Тудейдің халықаралық ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы сейсенбі, 7 мамыр күні қабылдады.
БҰҰ 25 мамырды Дүниежүзілік футбол күні деп жариялаған қарарды Бас Ассамблеяның 193 мүшесінің 160-ы мақұлдаған.
Дүниежүзілік футбол күні ретінде 25 мамырдың таңдалу себебі дәл осы күні барлық аймақтардың өкілдері қатысқан алғашқы халықаралық футбол турнирі өткеніне 100 жыл толады. Бұл жарыс 1924 жылы 25 мамырда Париждегі жазғы Олимпиадада өткен.
Футбол-әлемдегі ең танымал және бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Футбол жанкүйерлері бүкіл әлем бойынша 3,5 миллиардтан астам.
Тарихшылардың пікірінше, футбол ойыны туралы алғашқы деректер б.з. дейінгі екінші мыңжылдықта Қытай жылнамасынан табылған. Оны «Цу Чю» деп атаған.
Сонымен қатар кейбір деректерде футбол VIII ғасырда Англияда өмір сүрген саксондардың «жабайы ойыны» деп көрсетіледі. Саксондар ұрыстан кейін дұшпанының шабылған басын тепкілеп ойнаған деседі.
Осы уақытқа дейін Дүниежүзілік футбол күні 10 желтоқсанда бейресми түрде аталып келген.



















