Түркия президенті НАТО басшыларының кездесуінде Газа секторында палестиналықтардың жаппай қырылуын күн тәртібіне қоятынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Есенбоға әуежайында Вашингтондағы НАТО саммитіне қатысу үшін Америкаға сапары алдында өткізген баспасөз мәслихатында Газа секторында палестиналықтардың жаппай қырылуын НАТО саммитінде күн тәртібіне қоятынын айтты.
Ердоған Дохадағы атысты тоқтату келіссөздеріне қатысты сөзінде: «Біз бұл процесті сабырмен қадағалап отырмыз. Артынан барлау ұйымының басшысы мен біздің Сыртқы істер министріміз де қадағалайды. Аз уақытта күткен нәтижеге жетеміз деп үміттенемін», — деді.
Ердоған осы саммитте НАТО-ның тежеу және қорғаныс құрылымы мен одақтастардың құралдары мен мүмкіндіктерін күшейту мақсатында кеңес өтетін мәлімдеп: «Біздің саммитіміз НАТО-ның құрылғанына 75 жыл толуына байланысты ерекше мәнге ие.
Біз Вильнюста өткен жылы қабылданған шешімдерді орындаймыз. Осы орайда біз НАТО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әріптестерімен, Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония және Жаңа Зеландиядағы көшбасшылар деңгейінде Еуропалық Одақ өкілдерінің қатысуымен отырыста дидарласамыз», — деді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін, шілденің тоғызы күні НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа аттанды.












