Иран мен Түркия Президенттері D-8 саммиті аясындағы кездесуде ислам елдерінің сионистердің шабуылдарын тоқтату үшін келісімі қажеттілігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің Тасним ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи мен Түркия СІМ Хакан Фидан Даму үстіндегі сегіз ислам елі ұйымы (D-8) Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында Мысыр астанасы Каирде кездесті.
Тараптар кездесуде бүгін бейсенбі, желтоқсанның он тоғызы күні сегіз елдің басшылары, соның ішінде Иран президенті Масуд Пезешкиан да қатысатын ұйым басшыларының он бірінші отырысының күн тәртібіндегі тақырыптар туралы пікір алмасты.
Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері аймақтағы оқиғаларды Газа секторындағы жағдай мен сионистік режимнің Палестина мен Ливан халқына қарсы, соның ішінде Сирияға осы елдің қорғаныс және экономикалық инфрақұрылымдарын нысанаға алып, қылмыстарын жалғастыруына баса назар аударып, исламдық ірі мемлекеттердің, әсіресе D-8 ұйымына мүше мемлекеттердің сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатып, аймақтың тұрақты қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғау үшін пікірлестігінің қажеттілігін баса айтты.












