«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Солтүстік Африка мен Мароккоға 300 мың тонна бидай экспорттайды.
Еуразия Тудейдің ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» сатылым географиясын кеңейту стратегиясы аясында Марокко мен Солтүстік Африка елдеріне астық жеткізу бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізді.
Бұл бағыттағы жөнелтілім көлемі ағымдағы маркетингтік маусымның соңына дейін 300 мың тоннадан асуы мүмкін.
Айта кетейік, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы 3 және 4 санаттағы бидайды сыртқы нарықтарға шығарып жатыр. Бүгінгі таңда ұлттық астық операторы жалпы көлемі 200 мың тоннадан астам астық жеткізу бойынша келісімшарттар жасаған.
Еске салайық, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» — Қазақстанда 1995 жылы құрылып, астық саудасын ұйымдастыруымен айналысатын мемлекеттік корпорация. .












