Қазақстан мен Тәжікстан Сыртқы істер министрлері екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәжікстан тарапының бастамасымен Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті.
Тәжікстан СІМ басшысы әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.
Министрлер екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынасты тереңдетуге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша ықпал етуге дайындық расталды.
Сонымен қатар сұхбаттастар алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.












