Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстанға ресми сапармен барады.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 2023 жылғы 17 тамызда өзбек тарапының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасына ресми сапармен баруды жоспарлауда. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен келіссөздер жүргізіледі.
Тараптар көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективаларын талқылау, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарау, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады деп жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылады деп күтілуде.



















