Танымал италиялық әнші, композитор Тото Кутуньо 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Бұл туралы оның менеджері Данило Манкусо италиялық ANSA агенттігіне хабарлады.
Данило Манкусоның ANSA агенттігіне хабарлауына сәйкес, Сальваторе Кутуньо соңғы айларда асқынған ұзақ аурудан кейін Миландағы Сан Рафаэле ауруханасында қайтыс болған.
Кутуньо 1983 жылы шыққан «L’Italiano» хит әнімен әлемде танымал болды.












