Соңғы кездері Қытай көліктері Азия елдерінің көлік нарығын жаулап жатыр. 6 ай ішінде Қорғас арқылы Қытайдан 92 мың көлік Азия елдеріне жеткізілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,4 есе көп.
Қытай орталық Азия мемлекеттерінің көлік нарығын жаулауға көшті. Ай сайын Қытайдың мыңдаған техникасы Қазақстан, Өзбекстан тіпті Ресейге жеткізілуде.
«Осы жылдың басынан бастап шетелдік нарықтардағы тұрақты ірі тапсырыстардың арқасында, Қытай автомобильдерінің экспорты жоғары қарқынмен өсуде. Мысалы, қаңтардан шілдеге дейін темір жол арқылы Қорғастан 92 мың автомобиль экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4 есе көп. Олардың ішінде белгілі Chery, Чанъань және Чанчэн сияқты маркалар бар, олар негізінен Қазақстанға, Өзбекстанға және басқа да елдерге экспортталады», — дейді Қорғас кедендік бақылау инспекциясының үшінші бөлім директорының орынбасары Чжан Цянь.
Елге Chery, Чанган, Чанчэн көліктері келіп жатыр. Бағалары халық үшін тиімді, арзаны 7 млн теңгеден басталады.
Қытай долларға тәуелді емес, сондықтан өз ережесімен баға қоя алады.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Болатбек Әлиевтің сөзінше, Қытай елі барған сайын көліктерінің көлемін арттыра береді. Қазір Geely, Chery маркалы машиналар көптеп келуде. «Ресейлік АвтоВаз зауыты мұндай бәсекелестікке төтеп бере алмасы анық»,-дейді депутат.



















