Қытай Иранның егемендігі мен қауіпсіздігін қолдайтынын растап, Иран халқына зиян келтіріп отырған біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитетінің отырысында сөз сөйлеген Қытай өкілі Батыс Азия өңіріндегі қақтығыстар созылып, бүкіл аймаққа таралып бара жатқанын ескертті.
Қытай өкілі: «Бейжің Иранды өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау ісінде қолдайды», – деді.
Дипломат халықаралық қауымдастықты Иранның таңдаған даму жолын құрметтеуге, адам құқығын қорғау сылтауымен оның ішкі ісіне араласуды доғаруға және ирандықтардың өмір сүру жағдайының нашарлауына жол бермеуге үндеді.


















