Иран Ислам революциясы Сақшылары корпусы АҚШ-қа тиесілі MQM-170 үлгісіндегі ұшқышсыз ұшу аппаратын бүтін күйінде қолға түсіргенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, аталған әуе нысаны Қешм аралының оңтүстігінде жүргізілген радиоэлектрондық күрес операциясы барысында залалсыздандырылған.
Ислам революциясы Сақшылары корпусы баспасөз қызметінің Telegram-арнасында жариялаған мәлімдемесінде: «Бүгін таңертең сәтті өткен операция барысында АҚШ әскерилеріне тиесілі MQM-170 ұшқышсыз ұшу аппараты бүтін күйінде қағып түсірілді», -деп мәлімдеді.
Хабарламада бұл Ислам революциясы Сақшылары корпусының осы үлгідегі қолға түсірген төртінші дроны екені атап өтілген. Мәліметке сәйкес, америкалық ұшқышсыз ұшу аппараты Ормұз бұғазы маңындағы Иранның қорғаныс және радиоэлектрондық күрес жүйелерінің орналасуын бақылаумен айналысқан.
Бұған дейін Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Қешм аралының оңтүстігіндегі әуе кеңістігінде АҚШ-қа тиесілі MQM-170 үлгісіндегі екі барлау ұшқышсыз ұшу аппаратын қағып түсіргенін мәлімдеген болатын.



















