2023 жылғы 5 қыркүйекте Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аясында келген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады.
Тәжікстан Республикасы СІМ хабарлауы бойынша кездесу барысында тараптар ҰҚШҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. ағымдағы жылдың қараша айының екінші жартысында Беларусь Республикасында өтетін Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысының мазмұнын дайындау мәселелері бойынша пікір алмасты.


















