Беларусь Президенті Александр Лукашенко Өзбекстанның Олий Мажлис Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесуінде биылғы қыста Өзбекстанға баратынын айтты.
Nuz.uz сайтының мәліметі бойынша Лукашенко Танзила Нарбаеваға Минск сапары үшін алғыс айтып, Шавкат Мирзиеевке ізгі тілектерін жеткізуді өтінді.
«Ол мені Өзбекстанға шақырды, бірақ мен Өзбекстанға қыста барғым келеді. Өзбекстанды мұқият зерттегеніме қарамастан, мен сіздерде мұндай таулардың бар екендігі мен сіздерде нағыз қыс болаты туралы ойламадым», — деп мойындады Беларусь президенті.
Александр Лукашенко Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның тауларын тікұшақпен көрсетіп, баяғыда оны қыста қонаққа шақырғанын айтты.
Танзила Нарбаева Беларусь басшысының осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында келуі күтіліп отырғанын растап, президенттің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.












