Молдованың алғашқы президенті Мирча Снегур қайтыс болды.
«Интерфакс» мәліметінше, Молдованың тұңғыш президенті Мирча Снегур 14 қыркүйекке қараған түні 83 жасында қайтыс болды.
Молдованың алғашқы президентінің қазасы туралы ақпаратты бұрынғы вице-премьер Константин Тампиза растады.
Тақырыпқа орай:
Константин Тампиза өзінің Facebook парақшасында «13 қыркүйекте сағат 23:30 — да Молдова Президенті Мирча Снегур айықпас аурудан қайтыс болды»,-деп жазды.
Мирча Снегур Молдова Республикасының тұңғыш президенті. Ол 1940 жылдың 17 қаңтарында дүниеге келген. Мамандығы- агроном. Кеңес Одағы ыдыраған соң Молдова Республикасы 1991 жылдың 17 тамызында тәуелсіздігін жариялады.
Ал бұдан бір жыл бұрын 3 қыркүйекте билік басына Мирча Снегур келген еді. Мирча Снегур 1990 жылдың 3 қыркүйегінен 1997 жылдың 15 қаңтарына дейін жеті жыл елді басқарған.
Қазақстанның Молдовамен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 жылдың 27 шілдесінен бастап, яғни Снегур тұсында орнады.
Молдованың тұңғыш президенті Кишинев орталық мазарында жұбайының қасына жерленеді.










