Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17-18 қазанда Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады.
Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цяньмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэдзимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» ІІІ жоғары деңгейдегі форумына қатысады. Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу жоспарланған.












