Франция астанасы Париж қаласында өткен салтанатты шарада жасыл алаңнын аладоп шеберлері марапатталды.
Аргентиналық футболшы Лионель Месси өз мансабында 8-ші рет әлемнің үздік ойыншысы атанып, 8-ші рет «Алтын доп» иегері ретінде рекорд орнатты.
Лионель Месси дауыс беру қорытындысы бойынша Норвегия құрамасы мен Англияның «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Эрлинг Холанд пен Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» жасағының шабуылшысы Килиан Мбаппені артта қалдырды.
Үздік бестікте Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»/Бельгия) мен Родри («Манчестер Сити»/Испания) бар. Осы тізімдегі «Манчестер Сити» клубының үш ойыншысы үздік бестікке кіріп отыр.
Бұл – Аргентина құрамасы сапындағы әлем чемпионының сегізінші «Алтын добы». Бұған дейін Лионель Месси 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 және 2021 жылы үздік атанған еді. Енді міне, Месси сегізінші рет әлемнің үздік футболшысы атанды.
Одан басқа, марапаттау салтанатында Англия құрамасының шабуылшысы Джуд Беллингем жылдың үздік жас футболшысы атағына ие болды. Ол Копа трофейінің иегері болды.












