Қарашаның 15 – Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Теңге – Тәуелсіздік символы» атты құжаттық көрме өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауы бойынша көрме Ұлттық архив қорында сақталған төл теңгеміздің тарихына қатысты құнды құжаттарды өскелең ұрпаққа таныстырып, теңгенің шығу тарихын жан-жақты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеге тарихшы ғалымдар, педагогтар, оқушылар қатысты. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі шешімімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Президент шешімін мақұлдаған Қаулысы және басқа да маңызды құжаттармен танысты.












