Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов 2023 жылғы 16 қарашада БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) басшысы Роза Отунбаевамен кездесу өткізді.
Бахтиёр Саидов бұл туралы Телеграмдағы арнасында жазды.
Осы мәлімет бойынша тараптар Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету, ұлттық экономиканы қалпына келтіру және осы елде түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы Өзбекстан мен UNAMA арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттары, сондай-ақ Ауғанстан бағытында алға қойылған бастамалар туралы пікір алмасты.












