АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер 100 жасында қайтыс болды.
Бұл туралы The Washington Post хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Киссинджер 2023 жылы 30 қарашада Коннектикуттағы үйінде қайтыс болды.
Тақырыпқа орай:
Киссинджер 1923 жылы 27 мамырда Германияда Фуэрт қаласында діни еврей отбасында дүниеге келген.
Киссинджер 1969 жылдан 1977 жылға дейін АҚШ-тың сыртқы саясатында басты рөл атқарды. Ол Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағы арасындағы қарым-қатынасты жақсарту саясатының бастамашысы және орындаушысы болды.
АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасының басталуын ұйымдастырды, сондай-ақ Вьетнамдағы соғысты тоқтатуға тиіс Париж бейбітшілік келісімін жасады. Осы мәселедегі күш-жігері үшін оған Нобель Бейбітшілік сыйлығы берілді.










