Нью-Йорк қаласында 2023 жылғы 6 желтоқсанда Тәжікстан Республикасы мен Ботсвана Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қою рәсімі өтті.
ТР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен коммюникеге Тәжікстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Джонибек Хикмат пен Ботсвана Сыртқы істер министрі Лемоганг Квапе қол қойды.
Осы мәліметке сәйкес, Тәжікстан мен Ботсвана арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етеді.
Айта кетейік, Ботсвана Республикасы — Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. 2,3 млн. халқы бар. Астанасы Габороне қаласы. Ресми тілдері — ағылшын, сетсвана тілдері.
Ботсвана Африканың дамыған елдерінің бірі болып табылады. Бұл елде ауыл шаруашылығы, экологиялық туризм және алмаз өндіру сияқты экономика секторлары маңызды орынға ие.












