Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай отбасылардың тізімін жариялады.
Bloomberg нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай отбасылардың көшін 305 миллиард доллар байлығымен Абу-Дабидің шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті Әл Нахайян бастап тұр.
Екінші орынды Walmart дүкендер желісінің иесі Уолтон отбасы иеленді. «Bloomberg» отбасының байлығы 259,7 миллиард долларға жететінін атап өтті.
Тақырыпқа орай:
Hermes сән үйінің негізін қалаған Гермес отбасы 150,9 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.
Сонымен қатар әлемдегі ең бай бес отбасының қатарына 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars компаниясына иелік етуші отбасы және 133 миллиард доллар байлығы бар Қатардағы шейхтер мен әмірлердің билеуші әулеті Әл-Тани да жатады.
Айта кетсек, Walmart желілерінің қожайыны және Қатар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті бұл рейтингке алғаш рет ілініп отыр.










