Тәжікстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Душанбеде 2023 жылғы 12 желтоқсанда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
ТР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екіжақты құжатқа Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Тәжікстандағы өкілі Адхам Мусаллам қол қойды.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының 2023-2026 жылдарға арналған елдік стратегиялық жоспарын іске асыруға тараптардың өзара міндеттемесін растай отырып, келісім Жоспарды іске асыруға қатысатын тиісті мүдделі тараптардың ынтымақтастығын реттеуге арналған.
Кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына баға беріп, оның болашағы туралы пікір алмасты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы — әлемдегі аштық мәселесімен айналысатын, жылына шамамен 4 миллион тонна азық-түлікпен қамтамасыз ететін, тұрақты болашаққа қолдау көрсететін әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым.
WFP ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Тәжікстанда институттық әлеуетті нығайтуға көмектесетін даму бағдарламаларын қолдауға үлкен мән береді. 1999 жылдан бері ұйым Тәжікстан үкіметімен осы елде мектепте тамақтандыруды енгізу және оны басқару үшін бірлесіп жұмыс істеп келеді.



















