Түркі мемлекеттері ұйымы аясында жеңіл атлетикадан жаңа халықаралық спорт ұйымы құрылады.
News-turk сайтының мәліметіне сәйкес, Түркия Республикасының бастамасымен «Түркі жеңіл атлетика қауымдастығы» ұйымын құру шаралары аяқталғаннан кейін ұйым өз жұмысын бастайды деп күтілуде.
Қазіргі таңда аталмыш ұйымды құру жұмыстары жүріп жатыр және биылғы жылы аяқталады деп жоспарлануда.
News-turk сайтының мәліметінше, 2023 жылғы қараша айында Ыстамбұлда Түркі мемлекеттерінің жеңіл атлетика қауымдастығын құру мәселесі бойынша алғашқы отырысы өтті.
Отырысқа Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының өкілдері байқаушы елдер ретінде қатысты.
«Түркі жеңіл атлетика қауымдастығы» ұйымын құру жөніндегі екінші отырыс биылғы жылы ұйымдастырылады.
Ұйым өз қызметін бастаған сәтте жеңіл атлетикадан жарыстар саны көбейе түсері сөзсіз. Бұл Түркі мемлекеттері жастарының спорттың осы түрімен айналысу аясын кеңейтеді.













