Иранның оңтүстігіндегі Һормозган провинциясында қуаты 20 мың мегаватт жаңа атом электр станциясының құрылысы басталды.
Иранның жергілікті БАҚ хабарлауынша Иран президенті Ибраһим Раисидің Һормозган облысына сапары аясында бүгін, қаңтардың 2, бейсенбі күні Сирик қаласында «Иран Хормоз» атом электр стансасының құрылысы басталды.
Рәсімге Иранның Атом Қуаты Ұйымының вице-президенті әрі басшысы Мохаммад Ислами да қатысты.
Тақырыпқа орай:
Мохаммад Исламидің айтуы бойынша, бұл жоба атом энергиясын өндіруді 20 мың мегаваттқа жеткізу мақсатында жүзеге асырылмақ.
5000 мегаватт электр энергиясын өндіруге арналған зауыт жағалаудағы Макран аймағын дамыту жоспарларының бір бөлігі болып табылады.
Атом Қуаты Ұйымының басшысы Ислами Иранның Һормоз электр станциясы мега-жобасының 15 миллиард доллар инвестициямен жүзеге асырылатынын мәлімдеп, бұл жобаға ешбір шет елдің қатысы жоқтығын және оның толығымен осы электр станциясының отандық мамандарының күшімен салынатынын айтты.










